Қостанайда үстіне бензин құйылып кеткен жүкті келіншек сотта жеңіп шықты

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Жазылу
Перинаталдық орталықта әйелге "жеңіл дәрежеде бензин буымен улану" деген диагноз қойылған
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Қостанай қалалық сотында жанармай құю станциясынан моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Іс материалына сәйкес, 2025 жылдың қазанында жүкті әйел кәмелетке толмаған балаларымен бірге жанармай құю станциясына келген. Отын құю колонкасына тоқтағаннан кейін талапкердің он екі жастағы ұлы кассаға төлеуге кеткен.
Талапкер автокөліктің салонынан шыққан сәтте бензиннің мерзімінен бұрын берілуі салдарынан жанармай оның киіміне, терісіне және автокөліктің кузовына төгілген.
Жанармай құю станциясы талапкердің күртешесін химиялық тазалауға кеткен шығынды өтеген.
"Талапкер денсаулығына келтірілген зиян үшін моральдық залалды, сондай-ақ өкілдің қызметіне ақы төлеу түріндегі сот шығынын өндіру туралы сотқа жүгінген", - деп жазылған соттың хабарламасында.
Медициналық құжаттарға сәйкес, жедел жәрдем бригадасы оған алдын ала "Y17 – көміртек тотығымен, басқа газдармен және бу тәрізді заттармен улану (ниеті анықталмаған)", "Т65 – басқа заттардың уытты әсері" диагноздарын қойған. Перинаталдық орталықта әйелге "жеңіл дәрежеде бензин буымен улану" деген диагноз қойылған.
Сотта әйелдің көлік құралын жанармаймен толтырудың белгіленген тәртібін сақтамағаны анықталды.
Барлық мән-жайды, жүктілік жағдайын, жеңіл дәрежедегі улануды, сондай-ақ жауапкердің келтірілген материалдық зиянды өтеген белсенді ұстанымын ескере отырып, сот талапкердің пайдасына моральдық зиян мен сот шығындарын жалпы сомасы 300 мың теңгеден астам мөлшерде өндірді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0