https://sputnik.kz/20260205/zhambyl-oblysynda-anasyna-auyr-soz-aytqan-er-adam-qamauga-alyndy-60948476.html
Жамбыл облысында анасына ауыр сөз айтқан ер адам қамауға алынды
Жамбыл облысында анасына ауыр сөз айтқан ер адам қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T13:53+0500
2026-02-05T13:53+0500
2026-02-05T14:04+0500
жамбыл облысы
сот үкімі
балағат сөз
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Ер адам анасын қорлағаны және есірткі заттарын қолданғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.Сотта анықталғандай, 2026 жылдың қаңтарында ер адам үйде болған кезінде анасын қорлап, оған былапыт сөздер айтқан. Сонымен қатар, оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды.Ал әйел ұлының мұндай әрекеттерге үнемі жол беретінін жеткізді.Айта кетері, ер адам 2024 жылдың наурызында осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған, оған сол кезде ескерту берілген. Сол себепті жасалған құқық бұзушылықтың қайталануы, сондай-ақ мас болу жағдайы ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.Қаулы заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260202/tiktokta-ozin-emshi-dep-tanystyrgan-alayaq-sottaldy-60859539.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сот үкімі, балағат сөз
жамбыл облысы, сот үкімі, балағат сөз
Жамбыл облысында анасына ауыр сөз айтқан ер адам қамауға алынды
13:53 05.02.2026 (жаңартылды: 14:04 05.02.2026) Оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды
АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Ер адам анасын қорлағаны және есірткі заттарын қолданғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.
Сотта анықталғандай, 2026 жылдың қаңтарында ер адам үйде болған кезінде анасын қорлап, оған былапыт сөздер айтқан. Сонымен қатар, оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды.
"Ер адамның кінәсі тараптардың айғақтарымен, хаттамаларымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Ол анасына қатысты қорлайтын сөздер айтқанын өзі де мойындаған", - деп жазылған хабарламада.
Ал әйел ұлының мұндай әрекеттерге үнемі жол беретінін жеткізді.
Айта кетері, ер адам 2024 жылдың наурызында осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған, оған сол кезде ескерту берілген. Сол себепті жасалған құқық бұзушылықтың қайталануы, сондай-ақ мас болу жағдайы ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.