Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды

© Photo : Ішкі істер министрлігіШымкент полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Шымкент полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2026
Жазылу
Ұжымға жаңа басшыны ішкі істер министрі Ержан Сәденов таныстырды
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Шымкент полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкентке арнайы барып, полиция департаментіне жаңа басшыны таныстырды. Бұдан былай Шымкенттегі тәртіпті Мұхтар Қожаев қадағалайды. Ол бұған дейін ішкі істер министрлігі тергеу департаментін басқарған.
Шымкенттің криминогендік жағдайына алаңдаған министр жаңа басшының алдына бірнеше міндет қойды:
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту,
полиция қатарындағы тәртіпті нығайту,
қылмыстарға уақтылы ден қою және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу,
сталкинг бойынша бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеу, тергеушілерді мұндай қылмыстарды тергеу тәжірибесіне оқыту және формализмге жол бермеу,
қылмыстық топтарды әшкерелеу мен аса қауіпті қылмыстардың жолын кесу,
есепте тұрған адамдарға бақылауды күшейту, тәуекел топтармен жұмысты арттыру,
сондай-ақ қылмыстың алдын алу саласында басшылардың жауапкершілігін күшейту.
"Тәртіп жоқ жерде нәтиже жоқ, сенім жоқ, бедел құлдырайды. Әрбір құқық бұзушылық үшін барлық деңгейдегі басшылар мен кәсіби борышына опасыздық жасағандардың әрқайсысы жеке жауап береді", – деді Ержан Сәденов.
Осы жылдың резонансты оқиғалары бойынша тергеу іс-шараларының барысы туралы ақпарат тыңдалды. Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс ерекше бақылауда.
Кеңесте ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысы қатаң сынға алынды.
Еске сала кетейік, құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін полиция департаментінің бастығы мен оның бірқатар орынбасары қызметінен босатылған болатын.
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Нұрайдың өлімі: Шымкент полициясының басшысы қызметінен босатылды
Жаңалықтар
0