https://sputnik.kz/20260205/reseyde-azamattyq-drondarga-arnalgan-infraqurylym-2027-zhylga-qaray-qurylady-60963687.html
Ресейде азаматтық дрондарға арналған инфрақұрылым 2027 жылға қарай құрылады
Ресейде азаматтық дрондарға арналған инфрақұрылым 2027 жылға қарай құрылады
Sputnik Қазақстан
Азаматтық авиация инфрақұрылымына арналған NAIS 2026 XIII ұлттық көрмесі мен форумы 4-5 ақпанда Мәскеудегі "Крокус-Экспо" орталығында өтіп жатыр 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T21:36+0500
2026-02-05T21:36+0500
2026-02-05T21:36+0500
ресей
дрон
https://sputnik.kz/img/07ea/02/05/60958881_0:0:3224:1815_1920x0_80_0_0_4131a06ecdb95043028c0d9256d1da42.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Ресейде азаматтық дрондардың ұшуын басқару жүйесін 2030 жылға қарай бір жүйеге біріктіру жоспарланып отыр. Ал дрондардың ұшуына қажет жердегі инфрақұрылым 2027 жылға қарай дайын болады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне "Алмаз-Антей" ВКО концерні делегациясы басшысының орынбасары Олег Гапотченко мәлімдеді.Гапотченконың айтуынша, қазіргі таңда бұл жүйе "Ұшқышсыз авиациялық жүйелер" ұлттық жобасы аясында әзірленіп жатыр. "Алмаз-Антей" концерні ұшқышсыз авиацияның ұшуын қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымды дамытуға жауапты.Сонымен қатар NAIS 2026 көрмесінде жаңартылған Ми-34М1 жеңіл тікұшағы таныстырылды.Гапотченко ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын реттеу үшін дрондар әуе кеңістігінде "көрініп" тұруы қажет екенін атап өтті.Айта кетейік, NAIS 2026 XIII ұлттық азаматтық авиация инфрақұрылымы көрмесі мен форумы 4-5 ақпанда Мәскеудегі "Крокус-Экспо" орталығында өтіп жатыр.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/05/60958881_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_20f3bca2628162eccb78ddd608f5815c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, дрон
Ресейде азаматтық дрондарға арналған инфрақұрылым 2027 жылға қарай құрылады
Азаматтық авиация инфрақұрылымына арналған NAIS 2026 XIII ұлттық көрмесі мен форумы 4-5 ақпанда Мәскеудегі "Крокус-Экспо" орталығында өтіп жатыр
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Ресейде азаматтық дрондардың ұшуын басқару жүйесін 2030 жылға қарай бір жүйеге біріктіру жоспарланып отыр. Ал дрондардың ұшуына қажет жердегі инфрақұрылым 2027 жылға қарай дайын болады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне "Алмаз-Антей" ВКО концерні делегациясы басшысының орынбасары Олег Гапотченко мәлімдеді.
"Бұл ұлттық жобаны іске асыру мерзімі – 2030 жыл. Осы уақытқа дейін біз жерүсті инфрақұрылымын салуымыз керек. Ал ұшқышсыз аппараттардың өзі транспондерлермен жабдықталуға тиіс. 2027 жылға қарай әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлаудың бірыңғай жүйесі құрылады, оның ішінде дрондарға арналған бөлігі де болады", – деді ол.
Гапотченконың айтуынша, қазіргі таңда бұл жүйе "Ұшқышсыз авиациялық жүйелер" ұлттық жобасы аясында әзірленіп жатыр. "Алмаз-Антей" концерні ұшқышсыз авиацияның ұшуын қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымды дамытуға жауапты.
Сонымен қатар NAIS 2026 көрмесінде жаңартылған Ми-34М1 жеңіл тікұшағы таныстырылды.
Гапотченко ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын реттеу үшін дрондар әуе кеңістігінде "көрініп" тұруы қажет екенін атап өтті.
"Ол үшін дрондар жерүсті жабдықтарына өз параметрлерін – орналасқан жерін, биіктігін, сәйкестендіру нөмірін және басқа да мәліметтерді беретін трекерлермен (жауап бергіштермен) жабдықталады. Ал маршрутқа келсек, ұшу туралы өтінім А нүктесінен В нүктесіне дейін беріледі. Бұл өтінім өңделіп, нәтижесінде биіктік, бағыт және уақыт көрсетілген маршрут бекітіледі", – деп түсіндірді Гапотченко.
Айта кетейік, NAIS 2026 XIII ұлттық азаматтық авиация инфрақұрылымы көрмесі мен форумы 4-5 ақпанда Мәскеудегі "Крокус-Экспо" орталығында өтіп жатыр.