https://sputnik.kz/20260205/quramyna-khqko-men-politsiya-qyzmetkerleri-kirgen-qylmystyq-topqa-qatysty-sot-ukimi-shyqty-60945453.html
Құрамына ХҚКО мен полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты
Құрамына ХҚКО мен полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топ шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T11:32+0500
2026-02-05T11:32+0500
2026-02-05T11:32+0500
талдықорған
қылмыс
сот
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_0:86:1616:995_1920x0_80_0_0_09f022432ccba719d7d69845dace7925.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Талдықорған қаласында құрамына мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz арнасына сілтеме жасап.21 адамнан құралған қылмыстық топ шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан.Атап айтқанда, Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, бастапқы тіркеу алымы төленді деп көрсетіп жүрген. Осылайша, 1385 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Ал тіркеу алымы бюджетке түспеген. Соның салдарынан мемлекетке 9 млрд теңгеге шығын келді.270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тергеп тексерілді.Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелері 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейтін болады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260108/uyymdasqan-qylmystyq-top-quru-salymshylardy-aldagandarga-zhana-bap-boyynsha-ayyp-tagyldy-60228765.html
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_42b8c36d4e2b32543eae5d89baedb24a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, қылмыс, сот
Құрамына ХҚКО мен полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты
Қылмыстық топ шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Талдықорған қаласында құрамына мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
24.kz арнасына сілтеме жасап.
21 адамнан құралған қылмыстық топ шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан.
Атап айтқанда, Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, бастапқы тіркеу алымы төленді деп көрсетіп жүрген. Осылайша, 1385 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Ал тіркеу алымы бюджетке түспеген. Соның салдарынан мемлекетке 9 млрд теңгеге шығын келді.
270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тергеп тексерілді.
"Алматы облысындағы Қарасай ауданы бойынша залалдың жалпы сомасы 5 миллиард 600 миллион теңгені, Жетісу облысында Сарқан ауданыны бойынша 3 миллиард 787 миллион теңгені құрады", - дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.
Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелері 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.