https://sputnik.kz/20260205/qazaqstanda-kouchterge-arnalgan-kasibi-standart-bekitildi-60950984.html
Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді
Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді
Sputnik Қазақстан
Стандартта коучинг қызметіне қойылатын талаптар айқын көрсетілген 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T15:25+0500
2026-02-05T15:25+0500
2026-02-05T15:25+0500
психолог
ереже
жаңа тәртіп
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33586485_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_9ca359fa053b4bc955427046eb766739.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет коучинг қызметі бойынша кәсіби стандарт бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды айқындайды. Атап айтқанда, қажетті құзыреттер, даярлық деңгейі, кәсіби этика нормалары, сондай-ақ бейресми білімді қоса алғанда, біліктілікті растау тәртібі белгіленген.Бұдан бөлек, коучтердің ашық тізімі жасалады. Онда мамандардың білімі, сертификаттары және расталған біліктілігі туралы ақпарат қолжетімді болады. Ал коучинг қызметі үшін жауапкершілікті күшейту үшін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.Айта кетері, бұған дейін сенаторлар отбасын бұзатын коучтарды тәртіпке салуды талап еткен болатын. Ал мәжіліс депутаттары еденді тілімен жалататын және бір-бірінің түкірігін ішкізуге мәжбүрлейтін тренингтерге қарсы шықты.
https://sputnik.kz/20251106/senator-otbasyn-buzatyn-kouchtardy-tartipke-saludy-talap-etti-58504668.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33586485_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_e004e3afe5c7a764d217e6975e091c1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
психолог, ереже, жаңа тәртіп
психолог, ереже, жаңа тәртіп
Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді
Стандартта коучинг қызметіне қойылатын талаптар айқын көрсетілген
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет коучинг қызметі бойынша кәсіби стандарт бекітілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды айқындайды. Атап айтқанда, қажетті құзыреттер, даярлық деңгейі, кәсіби этика нормалары, сондай-ақ бейресми білімді қоса алғанда, біліктілікті растау тәртібі белгіленген.
"Сонымен қатар стандартта коучинг қызметінің шекаралары айқын көрсетілген. Коучинг психотерапиядан, психологиялық кеңес беруден және тәлімгерліктен ресми түрде ажыратылған. Бұл клиенттерге қандай қызмет үшін ақы төлеп отырғанын нақты түсінуге, ал мамандарға анықталған кәсіби шеңберде жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - дейді депутат Динара Наумова.
Бұдан бөлек, коучтердің ашық тізімі жасалады. Онда мамандардың білімі, сертификаттары және расталған біліктілігі туралы ақпарат қолжетімді болады. Ал коучинг қызметі үшін жауапкершілікті күшейту үшін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.
Айта кетері, бұған дейін сенаторлар отбасын бұзатын коучтарды тәртіпке салуды
талап еткен болатын. Ал мәжіліс депутаттары еденді тілімен жалататын және бір-бірінің түкірігін ішкізуге мәжбүрлейтін
тренингтерге қарсы шықты.