Дропперлердің басшысы шекарада 20 млн теңгемен ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2026
Жазылу
Ол алаяқтарға алданған адамдардың ақшасын көршілес мемлекетке тасымалдап жүрген
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында дропперлердің басшысы шекарада 20 млн теңгемен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 жастағы ер адам Ақтөбе аумағында дропперлерді басқарғаны үшін айыпталып отыр. Ол алаяқтарға алданған адамдардың ақшасын көршілес мемлекетке тасымалдап, сол жақта кураторларына тапсырып жүрген.
Қазіргі кезде үш жәбірленуші анықталып отыр. Олар әлеуметтік желідегі жарнамаға ("Қазатомөнеркәсіптің" - Sputnik) сеніп, биржада акцияларды сату арқылы табыс табамыз деп ойлаған. Осыдан кейін ақшаны дропперлердің есепшоттарына аударған. Ал күдікті бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге алып шығуды жоспарлаған.
"Ұстау барысында күдіктіден 20 миллион теңге тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті жүрген автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі күмәнді жарнамаларға сенбеуге және белгісіз тұлғаларға ақша аудармауға кеңес беріп отыр.
Банковская карта и клавиатура компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Дроппер екеніңізді білмей жүрген жоқсыз ба? Полицейлер дабыл қақты
Жаңалықтар
0