https://sputnik.kz/20260205/almatyda-2029-zhylgy-qysqy-aziya-oyyndary-otedi-60963392.html
Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық... 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T20:59+0500
2026-02-05T20:59+0500
2026-02-05T20:59+0500
алматы
азия ойындары
https://sputnik.kz/img/07ea/02/05/60955633_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3a6c211fa58f0070f4947556f1646523.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет.Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе Ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ.Ресми рәсімге, сондай-ақ, Азия Олимпиадалық кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері, сонымен қатар, Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындарына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Миланда болған құрметті қонақтар мен ресми тұлғалар қатысты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/05/60955633_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e10073a97759529a499d835705611d8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, азия ойындары
Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.
"Алматыда спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Осы фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе Ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ.
Ресми рәсімге, сондай-ақ, Азия Олимпиадалық кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері, сонымен қатар, Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындарына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Миланда болған құрметті қонақтар мен ресми тұлғалар қатысты.