Мәжілісте экс-президенттің туыстарына қатысты мәселе көтерілді

© Sputnik / Санат ИмангалиевМәжіліс отырысы
Мәжіліс отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Жазылу
Бүгінде конституциялық өзгерістерге қатысты батыл, бірақ бір жақтан сыңаржақ сындар көп айтылды
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі отырыста депутат Ермұрат Бәпи Конституция жобасының 48-бабына баса назар аударды. Себебі оған қатысты қоғам арасында алаңдаушылық бар. Бұл баптың үшінші тармақшасында "Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады" деген тіркес бар.
"Осыған байланысты "бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін" деп күдік келтірушілер бар. Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары. Себебі, экс-президент түгілі, бүгінгі "Президенттің отбасы мүшелері мен оның жақын туыстарына мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды" деген талап 2022 жылғы 8 маусымдағы конституциялық заңмен бекіген", - дейді Бәпи.
Оның айтуынша, бүгінде конституциялық өзгерістерге қатысты батыл, бірақ бір жақтан сыңаржақ сындар көп айтылды.
"Әрине, азаматтық ұстаныммен және мемлекеттік мүдде тұрғысында айтылатын сындарлы сынға шектеу болмауы тиіс. Бірақ сондай сын айтудың мүмкіндігі қоғамдық құндылық екенін тағы да бағалай білуіміз керек. Назарбаевтың заманында демократиялық демі ішінде тұншығып, суырылып шыға алмай жүрген қоғамның тығыны сол құндылықтардың арқасында ағытылғанын мойындауымыз керек!", - деді депутат.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Мәжіліс пен сенаттың бірлескен комиссиясына кіретін депутаттар анықталды
Жаңалықтар
0