Атырау тұрғыны әлеуметтік желіде студентке алданып қалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Жазылу
Материалдық шығынның жалпы сомасы 472 000 теңгені құрады
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Атырау қаласының тұрғыны Telegram-да ұйымдастырылған онлайн-лотереядан кейін алаяқтарға алданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұтыс ойынына қатысқаннан кейін жәбірленушіге белгісіз ер адам хабарласып, өзін лотерея ұйымдастырушысы ретінде таныстырған. Сосын 250 000 теңге көлемінде ұтыс ұтқанын айтқан. Ал "ұтысты растау" үшін ұялы телефонда белгілі бір әрекеттер жасауға көндірген.
"Жәбірленуші күдіктінің нұсқауымен Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы зергерлік бұйымдар сатылатын сауда нүктелерінде қашықтан төлем жасап, сатып алуларды рәсімдеген. Атап айтқанда, екі алтын алқа және екі күміс сақина үшін төлем жасалған. Материалдық шығынның жалпы сомасы 472 000 теңгені құрады", - дейді полицейлер.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласындағы колледж студенті анықталды. Ол сатып алынған зергерлік бұйымдардың бәрін ломбардқа өткізіп үлгерген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жаңалықтар
0