Антифрод орталығы былтыр 2,8 млрд теңге көлеміндегі күдікті операцияларды бұғаттады

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуБанковская карта
Банковская карта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Жазылу
Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтармен күрес жұмыстары қалай өзгергенін айтты
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Антифрод орталығы 2,8 млрд теңге көлеміндегі күдікті операцияларға тосқауыл қойды, деп хабарлады Ұлттық банк.
"2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша антифрод орталығы алаяқтық белгілері бар транзакциялар бойынша 80 871 оқиғаны, сондай-ақ есірткі саудасына, заңсыз ойын бизнесіне және қаржы пирамидаларына қатысты шамамен 19 810 оқиғаны тіркеді", - делінген хабарламада.
Антифрод орталығы алаяқтарға қарсы іс-қимыл процесінің негізгі қатысушыларын, соның ішінде қаржы нарығын, Бас прокуратураны, ішкі істер министрлігін және ұялы байланыс операторларын біріктіреді.
Ұлттық банк пен Бас прокуратура былтыр тамызда антифрод орталығын "сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың бірінші кезеңін аяқтады.
Бұл құқық бұзушылықтарды тіркеу және құжаттау рәсімін оңайлатып, Бас прокуратураның заңсыз операцияларды қадағалауын күшейтті.
"Сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтары (IMEI кодтары) базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жаңа банктер туралы заң антифрод орталығына қатысушылардың ауқымын кеңейтті: несиелік бюролар енді. Олар үшін жеке тұлға бір сағат ішінде екі немесе одан да көп қаржы ұйымына тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит алуға өтініш берген жағдайлар туралы ақпаратты антифрод орталығына жедел беру міндеті белгіленген.
Сондай-ақ мына жағдайларда зардап шеккен тұлғалардың ақшасын қайтару міндеттемесі қаржы және төлем ұйымдарына жүктелді:
егер төлем немесе аударым Антифрод орталығының деректер базасында тұрған бенефициарға жасалған болса;
егер ақша жіберушіні идентификациялау талаптары бұзылып, алаяқтық фактісі бойынша заңды күшіне енген сот шешімі болса.
Жаңалықтар
0