Вахталық жұмысқа бара жатқан 50 адам жол апатына ұшырады

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский автосалон
Казахстанский автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
Жол апаты салдарынан жолаушылар дене жарақатын алған
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Семей-Қайнар автожолының 62-шақырымында, Знаменка ауылы маңында болған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, кейін бүйіріне аударылған. Автобус салонында вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жолаушы болған", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты салдарынан жолаушылар дене жарақатын алған. Зардап шеккендерге уақтылы қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Аталған факт бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады.
Жаңалықтар
0