https://sputnik.kz/20260203/toqaev-pakistanga-memlekettik-saparmen-bardy-60894100.html
Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
Sputnik Қазақстан
Пәкістанның Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты 03.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-03T18:10+0500
2026-02-03T18:10+0500
2026-02-03T20:26+0500
қасым-жомарт тоқаев
пәкістан
https://sputnik.kz/img/07ea/02/03/60894278_0:44:1281:764_1920x0_80_0_0_86712b81e8fe4bb0e7c36c5e2ae22f6b.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.Еске сала кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан мен Пәкістан өзара тауар айналымының көлемін 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеген болатын.Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылдағы алғашқы мемлекеттік сапары.
https://sputnik.kz/20251217/toqaev-zhaponiyaga-resmi-saparmen-bardy-59668850.html
пәкістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/03/60894278_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_56ab31e5b9ab10face065028cfda11c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, пәкістан
қасым-жомарт тоқаев, пәкістан
Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды
18:10 03.02.2026 (жаңартылды: 20:26 03.02.2026) Пәкістанның Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.
"Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті", - деп жазылған хабарламада.
Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан мен Пәкістан өзара тауар айналымының көлемін 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеген болатын.
Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылдағы алғашқы мемлекеттік сапары.