Талдықорғанда ер адам мас күйінде әйелі мен қызын ұрып тастаған

© Sputnik / Абзал КалиевЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
Әкесінен соққы алған бала небәрі 3 жаста
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде кішкентай баланы дәрігерлер қарап жатқан видео тарады.
Видеодан қатты жылап жатқан баланың денесі көгергенін байқауға болады.
Жетісу облыстық полиция депртаментінде осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"2 ақпанында сағат 21:00-де "102" арнасына медициналық мекемеден үш жастағы баланың зорлық-зомбылықтан белгілері бар дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгені туралы қоңырау түсті. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полицияда.

Қылмыс жасады деген күдікпен баланың әкесі, яғни алкогольдік мас күйде болған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бала мен оның анасы қазір ауруханада жатыр. Осы істің тергеп-тексерілуі полиция департаменті басшысының жеке бақылауында, дейді полицейлер.
Чайник - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Екібастұз тұрғыны әйелін шәйнекпен ұрып, есінен тандырды
Жаңалықтар
0