Салықшылар 1414 нөмірінен SMS келетінін ескертті

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
1414 нөмірінен келген SMS хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие болады
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге 1414 нөмірінен SMS келетінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін салықшылар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді толығымен электронды форматқа ауыстырған. Ал салық төлеушілерді уақтылы және ыңғайлы түрде хабардар ету мақсатында жаңа функционал іске асырылды. Соның аясында мемлекеттік кірістер органына келу туралы хабарламалар электронды салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электронды форматта жіберіледі.
Хабардар ету тәсілдері:
СӘИЖ АЖ салық төлеушінің жеке кабинетіне;
электронды үкіметтің веб-косымшасына;
қосымша 1414 нөмірінен салық төлеушінің ұялы телефонына SMS хабарлама арқылы келіп түседі.
"Осы орайда 1414 нөмірінен келген SMS хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие екеніне назар аударамыз", - дейді салықшылар.
Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық сервистерді кезең-кезеңімен кеңейте береді.
Киберпреступность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2026
Салық органдары азаматтарға ескерту жасады
Жаңалықтар
0