https://sputnik.kz/20260203/qazaq-qyrgyz-shekarasyndagy-keptelistin-sebebi-belgili-boldy-60891847.html
Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептелістің себебі белгілі болды
Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептелістің себебі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Шекаралық бақылау рәсімдерінің ұзартылуы уақытша сипатқа ие 03.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-03T22:13+0500
2026-02-03T22:13+0500
2026-02-03T22:13+0500
еаэо
қырғызстан
қазақстан
шекара
https://sputnik.kz/img/1259/36/12593626_0:167:1601:1067_1920x0_80_0_0_39ff5d05225da565d7623a34e40a22b6.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасындағы кейбір өткізу пункттерінде жүк көліктерінің жиналуына қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия түсініктеме берді.Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шаралардың уақытша сипатқа ие екенін комиссияға хабарлаған.Аталған іс-шаралар "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін заңсыз тауар айналымының жолын кесу арқылы шекарада тәртіп орнатуға" бағытталған.Кеден органдарының мәліметінше, "Қазақстан мен оның басшылығы Қырғызстан басшылығына және бүкіл бауырлас қырғыз халқына әрдайым шынайы құрмет танытып келеді".Комиссия бұл шаралар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық құзыретіне ғана қатысты екенін және еуразиялық интеграцияға әсер етпейтінін" атап өтті.ЕАЭО-ның шарттық-құқықтық базасы мүше мемлекеттердің өзара саудасында кедендік, көліктік, санитарлық, ветеринарлық, карантиндік-фитосанитарлық бақылауды жоюды көздейді. ЕАЭО-да тауарлардың көлеңкелі айналымымен күрес мәселелеріне басымдық берілген.
қырғызстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/36/12593626_0:0:1423:1067_1920x0_80_0_0_a15a3d940b585de973793c5101a560ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, қырғызстан, қазақстан, шекара
еаэо, қырғызстан, қазақстан, шекара
Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептелістің себебі белгілі болды
Шекаралық бақылау рәсімдерінің ұзартылуы уақытша сипатқа ие
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасындағы кейбір өткізу пункттерінде жүк көліктерінің жиналуына қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия түсініктеме берді.
"Қазақстан Республикасының мәліметіне сәйкес, шекаралық рәсімдерден өту мерзімінің ұзаруына жоспарлы шекаралық бақылау іс-шараларының жүргізілуі себеп болған", – делінген комиссия хабарламасында.
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шаралардың уақытша сипатқа ие екенін комиссияға хабарлаған.
Аталған іс-шаралар "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін заңсыз тауар айналымының жолын кесу арқылы шекарада тәртіп орнатуға" бағытталған.
"Астана бауырлас Қырғызстанмен, стратегиялық серіктес әрі одақтас мемлекетпен қалыптасқан айрықша тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Қазақстан екі елдің экономикасы мен халықаралық беделіне елеулі зиян келтіретін заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін тараптар түсіністік танытып, бірлескен ынтымақтастықты жалғастырады деп үміттенеді", – деп жазылған хабарламада.
Кеден органдарының мәліметінше, "Қазақстан мен оның басшылығы Қырғызстан басшылығына және бүкіл бауырлас қырғыз халқына әрдайым шынайы құрмет танытып келеді".
"Бұл – Қазақстан стратегиясының өзегі, ол конъюнктуралық жағдайлардың ықпалымен өзгермейді. Заңсыз тасымалдарды тоқтату екі елдің де мүддесіне толық сай келеді", – деп көрсетілген хабарламада.
Комиссия бұл шаралар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық құзыретіне ғана қатысты екенін және еуразиялық интеграцияға әсер етпейтінін" атап өтті.
ЕАЭО-ның шарттық-құқықтық базасы мүше мемлекеттердің өзара саудасында кедендік, көліктік, санитарлық, ветеринарлық, карантиндік-фитосанитарлық бақылауды жоюды көздейді. ЕАЭО-да тауарлардың көлеңкелі айналымымен күрес мәселелеріне басымдық берілген.