Елорда экономикасына былтыр рекордты көлемде инвестиция тартылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
Биыл іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны шамамен 60-қа жетеді
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Астанаға 2025 жылы рекордтық көлемде – 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат тартылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында хабарлады.
"Қаланың дамуына жеке қаражат тартуды жалғастырамыз. Бұл тек әлеуметтік нысандарға ғана емес, сол сияқты өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және т.б. салаларға қатысты. Елорда экономикасына 2025 жылы рекордты көлемде – 2,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,3%-ға көп", - деп жазды Қасымбек.
Қала басшысы кезекті инвестштабтың отырысында бірқатар инвестордың ұсынысы қаралғанын атап өтті. Олар – 500 МВт қуатты бу-газ қондырғыларын салу және пайдалану, логистикалық парк салу, 1000 балаға арналған күндізгі және пансионатты үлгідегі жеке мектеп салу және т.б.
"Сонымен қатар, штабтың қарауына №2 Индустриялық паркке енгізілетін жобалар да ұсынылды. Оларға мотор майын өндіретін зауытты, ұнтақ және индустралды жабындарды шығаратын зауытты, ғылыми-зерттеу орталығын құруды, алюминий бұйымдарын өндіретін зауытты салу жатады", - дейді ол.
Әкімнің айтуынша биыл іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны шамамен 60-қа жетеді, ал инвестиция көлемі – 220 млрд теңге. Бұл жобалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0