Астанада балаларды ауруханаға жатқызу тәртібі өзгерді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныАким Астаны Женис Касымбек посетил строящиеся медучреждения Астаны
Аким Астаны Женис Касымбек посетил строящиеся медучреждения Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
Шектеулер тек жоспарлы ауруханаға жатқызуға қатысты
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Астанада қызылша ауруының өршуіне байланысты балаларды ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше ауруханаға қызылшаға қарсы вакцина алған балалар ғана жатқызылады.
"Астана қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды жүргізу туралы 2026 жылғы 27 қаңтардағы қаулының 1.7-тармағына сәйкес, балалар стационарларына қызылшаға қарсы вакцина алған балалар ғана жоспарлы түрде жатқызылады", - делінген ресми хабарламада.
Бұл шектеу ауруханалардың ішінде инфекцияның алдын алу мақсатында енгізілді. Себебі қызылша бұл өте жұқпалы вирустық ауру, ауа тамшылары арқылы таралады және жабық жерде айтарлықтай қашықтыққа таралуы мүмкін.
"Вирустың ауруханаға енуі үлкен қауіп төндіреді, өйткені бөлімшелерде әлсіреген балалар, соның ішінде созылмалы аурулары бар және иммунитеті төмендеген балалар бар, оларға қызылша ауруы ауыр тиюі және асқынуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.
Шектеулер тек жоспарлы ауруханаға жатқызуға қатысты. Ал шұғыл медициналық көмек және шұғыл емдеу қажет болғанда вакцинаның бар-жоғына қарамайды, баланы ауруханаға жатқыза береді.
Астана. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Астананың бас санитары халыққа үндеу жолдады
Жаңалықтар
0