https://sputnik.kz/20260203/aqmola-oblysynda-er-adam-ush-balasy-bar-ayelge-aldanyp-qalyn-mal-bergen-60881066.html
Ақмола облысында ер адам үш баласы бар әйелге алданып, "қалың мал" берген
Ақмола облысында ер адам үш баласы бар әйелге алданып, "қалың мал" берген
Sputnik Қазақстан
Арызданушы әйел адаммен былтыр тамызда әлеуметтік желілер арқылы танысқан 03.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-03T12:27+0500
2026-02-03T12:27+0500
2026-02-03T12:46+0500
ақмола облысы
алаяқтық
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f93a9819860302fe1765433cb4be7dc7.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Ақмола облысы Қосшы қаласында ер адам қалыңдығына алданып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Ақмола облысында 28 жастағы жігітті әлеуметтік желіде танысқан қалыңдығы алдап кетті.Арызданушы әйел адаммен былтыр тамызда әлеуметтік желілер арқылы танысқан. Жаңа танысы өзін Шымкент қаласының тумасы ретінде таныстырып, оның отбасы сол жерде тұратынын айтқан. Бірнеше кездесуден кейін қыз бен жігіт бірге тұрамыз деп шешіп, елордадан пәтер жалдаған."Ештеңеден күдігі болмаған ер адам қызды ата-анасымен таныстырған. Ал қыз өз кезегінде жігітті туыстарымен таныстыруға еш асықпаған. Алайда жігіт бұған мән бермеген. Бір жарым ай бірге тұрған соң қыз жүктілік туралы хабарлаған. Қуанышты хабарды естіген жігіт қарым-қатынасты заңдастыру және үйлену тойына дайындықты бастап кеткен", - дейді департаментте.Ақша үнемдеу мақсатында қыз бен жігіт Астанадан Косшы қаласына көшіп, пәтер жалдап тұрған.Кейін оның бұрын тұрмыс құрғаны және үш баласы бар екені анықталды. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға арызбен жүгінген.Қазіргі уақытта алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыздың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260127/balalardy-shetelge-bayqauga-aparamyn-dep-aldap-ketken-ayeldin-soty-bastaldy-60699584.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_401:0:1901:1125_1920x0_80_0_0_7c6092b8daeefe663c80df119f3511ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, алаяқтық, қылмыстық іс
ақмола облысы, алаяқтық, қылмыстық іс
Ақмола облысында ер адам үш баласы бар әйелге алданып, "қалың мал" берген
12:27 03.02.2026 (жаңартылды: 12:46 03.02.2026) Арызданушы әйел адаммен былтыр тамызда әлеуметтік желілер арқылы танысқан
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Ақмола облысы Қосшы қаласында ер адам қалыңдығына алданып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ақмола облысында 28 жастағы жігітті әлеуметтік желіде танысқан қалыңдығы алдап кетті.
"Алаяқтық фактісі туралы арыз 31 қаңтарда Қосшы қаласының полиция бөліміне келіп түсті. Ер адам үйлену тойына дайындыққа және қалың малға деген 1,5 млн теңге сомасындағы қаражатты жігіттің бірге тұратын қызы алаятық жолмен иемденіп кеткен", - дейді полицияда.
Арызданушы әйел адаммен былтыр тамызда әлеуметтік желілер арқылы танысқан. Жаңа танысы өзін Шымкент қаласының тумасы ретінде таныстырып, оның отбасы сол жерде тұратынын айтқан. Бірнеше кездесуден кейін қыз бен жігіт бірге тұрамыз деп шешіп, елордадан пәтер жалдаған.
"Ештеңеден күдігі болмаған ер адам қызды ата-анасымен таныстырған. Ал қыз өз кезегінде жігітті туыстарымен таныстыруға еш асықпаған. Алайда жігіт бұған мән бермеген. Бір жарым ай бірге тұрған соң қыз жүктілік туралы хабарлаған. Қуанышты хабарды естіген жігіт қарым-қатынасты заңдастыру және үйлену тойына дайындықты бастап кеткен", - дейді департаментте.
Ақша үнемдеу мақсатында қыз бен жігіт Астанадан Косшы қаласына көшіп, пәтер жалдап тұрған.
"Жігіттің ата-анасы болашақ ерлі-зайыптыға өздеріне пәтер сатып алуға көмек ретінде 950 мың теңге берген, сондай-ақ болашақ келіні үшін 600 мың теңгеден астам сомаға алтын әшекейлер сатып алған. Алайда одан кейін қыз байланысқа шығуды тоқтатып, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеген", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінде.
Кейін оның бұрын тұрмыс құрғаны және үш баласы бар екені анықталды. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға арызбен жүгінген.
Қазіргі уақытта алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыздың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.