Қызылорда облысында тұқым өңдеу зауыты салынады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКукуруза, иллюстративное фото
Кукуруза, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жазылу
Болашақта жыл сайын 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңделеді деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысында құны 51 млрд теңге болатын жүгері мен сояны қайта өңдеу жобасы іске асырылып жатыр.
Жобаның бірінші кезеңін іске қосу 2026 жылға белгіленген. Осы кезең аясында 8,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, тұқым өңдеу зауыты салынады.
"Екінші кезеңде егіс алқаптарының көлемін екі есеге ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қуаттылығын жылына 60 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Болашақта жыл сайын 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңделеді деп жоспарланып отыр. Жобаны швейцариялық Harvest Agro компаниясы қолға алды
Қазіргі таңда 6 мың гектар жердің жоспарлау жұмыстары аяқталды, тағы 8,5 мың гектар аумақта жерді тегістеу жұмыстары басталды. Өндірістік жұмыстарға 110 бірлік арнайы техника тартылған, 15 жаңбырлатып суару жүйесі орнатылып жатыр.
Лекарства - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Қазақстанда 4 ірі фармацевтикалық зауыт салынады
Жаңалықтар
0