https://sputnik.kz/20260201/uitaker-ukrainadagy-zhagday-beybit-zholmen-sheshiletinine-senim-bildirdi-60840741.html
Уитакер Украинадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетініне сенім білдірді
Уитакер Украинадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетініне сенім білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Украина аумағындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу перспективаларына қатысты... 01.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-01T11:38+0500
2026-02-01T11:38+0500
2026-02-01T11:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51667255_0:267:3072:1995_1920x0_80_0_0_cc6be546ab261726a1b1834e200d1df7.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Украина аумағындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу перспективаларына қатысты сенім білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.АҚШ президенті Дональд Трамп та 31 қаңтарда келіссөздердің барысына қанағаттанатынын білдіріп, енді бұл үдеріс оның кеңесшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің қатысуынсыз да сәтті жалғасуы мүмкін екенін атап өтті.Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының (Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен) келіссөздері 23–24 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтті. Келесі кездесу шамамен 1 ақпанда өтеді деп күтілуде. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл раунд екіжақты форматта өтетінін, алайда АҚШ тараптарға қосылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұған дейін украин әскерлерінің Донбастан шығарылуын бейбіт реттеу жөніндегі бүкіл жоспардың маңызды құрамдас бөлігі деп атаған еді.
https://sputnik.kz/20260131/ukraina-boyynsha-kelissoz-zhurgizushiler-natizhege-ote-zhaqyn-tur--tramp-60831318.html
украина
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51667255_267:0:2998:2048_1920x0_80_0_0_800883144b8dae4899962ae515c9e519.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей, ақш
Уитакер Украинадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетініне сенім білдірді
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Украина аумағындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу перспективаларына қатысты сенім білдірді, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Қазіргі уақытта біз мақсатқа бұрынғыдан да жақынырақпыз деп ойлаймын… Бейбіт келісімге қол жеткізіледі деген үмітімді әлі де сақтап отырмын, алайда бұл үшін екі тараптың да келісімі қажет, әрі олардың қандай шарттар ұсынатынын әлі көруіміз керек", – деді ол Fox News-ке берген сұхбатында.
АҚШ президенті Дональд Трамп та 31 қаңтарда келіссөздердің барысына қанағаттанатынын білдіріп, енді бұл үдеріс оның кеңесшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің қатысуынсыз да сәтті жалғасуы мүмкін екенін атап өтті.
Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының (Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен) келіссөздері 23–24 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтті. Келесі кездесу шамамен 1 ақпанда өтеді деп күтілуде. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл раунд екіжақты форматта өтетінін, алайда АҚШ тараптарға қосылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұған дейін украин әскерлерінің Донбастан шығарылуын бейбіт реттеу жөніндегі бүкіл жоспардың маңызды құрамдас бөлігі деп атаған еді.