Фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тас орнатылды

© Қосшы қаласының әкімдігіФельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тас орнатылды
Фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тас орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Жазылу
Фельдшер тірі болғанда 24 жасқа толар еді.
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. 31 қаңтар – қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуанның туған күні, деп хабарлайды Қосшы әкімдігі.
Фельдшер тірі болғанда 24 жасқа толар еді.
Марқұмның туған күнінде ол тұрған үйдің ауласына жиналған қауым фельдшердің жарқын бейнесін, ел есінде қалған еңбегін және адамдық асыл қасиеттерін тағы бір мәрте еске алды. Қосшы қаласында оның тұрғанүйінің қабырғасына ескерткіш тас орнатылды.
"Ұлдана Қалдарханқызы аз ғұмырында кәсібіне адалдықтың, адам өмірі үшін күрестегі батылдықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі мен жанқиярлығы — кейінгі ұрпаққа өнеге. Орнатылған ескерткіш тас — өткенге тағзым мен ерлікке құрметтің белгісі. Бұл — елге қызмет еткен азаматтардың есімі ұмытылмайтынын айғақтайтын тағылымды қадам", - деп жазды әкімдік.
Еске салайық, фельдшер Астанада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысының құлауы салдарынан ауыр жарақат алған.
2023 жылдың 8 қарашасынан бері пациент реанимация бөлімінде өте ауыр жағдайда болып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бірақ алған жарақаты тым ауыр болып, науқас 18 қарашада қайтыс болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ұлдана Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Тоқаев Астанада көз жұмған фельдшерді "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады
Жаңалықтар
0