Ернар Айдар жол ережесін бұзып, айыппұл арқалады

Ернар Айдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Жазылу
Әнші үш бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Жамбыл облысында танымал әнші Ернар Айдар жол ережесін қасақана бұзып, оны бейнежазбаға түсірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиғаны полиция әлеуметтік желілерге мониторинг барысында анықтаған.
"Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны бейнетаспаға түсірген. Бұл туралы жазба әлеуметтік желіде жарияланды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті .
Полиция қызметкерлері көлік құралының иесін анықтады. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін құқық бұзушыға айыппұл салынды.
Маржан Арапбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Маржан Арапбаева күйеуінің үстінен арыз жазды
Жаңалықтар
0