Астанада жасөспірім лифт ішінде қамалып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневКнопки в лифте
Кнопки в лифте - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Жазылу
Шақырту орнына келген құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, баланы шығарып алды
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Астанада 15 жастағы жасөспірім лифт ішінде қамалып қалған, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға А.Бараев көшесі бойында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған көпірде болған.

"2011жылғы бала лифт ішінде тұрып қалды. Дауысын естіген оқиға куәгері 112-ге хабарласты", - дейді министрлікте.

Шақырту орнына келген құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, баланы шығарып алды.
ТЖМ лифтте тұрып қалғанда мына ережелерді есте сақтауды ескертеді:
өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
диспетчерге хабарласыңыз;
барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Кабина лифта, кнопки - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2026
Астанада 11 адам лифт ішінде қамалып қалды
Жаңалықтар
0