https://sputnik.kz/20260201/aqtobe-oblysynda-salyq-qyzmetkeri-kasipkerden-ush-million-tenge-para-suragan-60844230.html
Ақтөбе облысында салық қызметкері кәсіпкерден үш миллион теңге пара сұраған
Ақтөбе облысында салық қызметкері кәсіпкерден үш миллион теңге пара сұраған
Sputnik Қазақстан
Сот 3 миллион пара алғаны үшін оған 67,5 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды 01.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-01T19:12+0500
2026-02-01T19:12+0500
2026-02-01T19:12+0500
ақтөбе облысы
пара
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522814_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_449aea488bb45327438d68bea2c3b33e.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында 3 млн теңге пара сұраған салық қызметкеріне 67 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Диапазон".2024 жылғы қаңтарда мемлекеттік кірістер комитеті 2021-2023 жылдар аралығында Қазақстанға әкелінген автомобильдерге қатысты электрондық декларацияларға талдау жүргізген. Ақтөбе облысында автокөлік тасымалдаушысының құжаттамасында заң бұзушылықтар анықталып, ол 44 миллион теңге қосымша ақы төлеуге міндеттелді.Алайда кәсіпкер талапты мойындамай, даулы іс сотта қаралған. Бірінші сот департаменттің пайдасына, екіншісі кәсіпкердің пайдасына шешім шығарған.Ал өткен жылдың қыркүйегінде мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерді камералдық тексерудің басталғаны туралы хабардар еткен. Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының бас маманы кәсіпкерден камералдық кедендік тексеруді тоқтатқаны үшін және "қолайлы шешім" үшін 3 миллион теңге пара талап еткен.Бұл іске қатысты сот үкімі шыққан. Кәсіпкер ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне пара туралы шағым түсірген. ҰҚКД қызметкерлері пара алған қызметкерді сол жерде қолға түсірді.Ол пара алғанын мойындап кешірім сұраған. Сот 3 миллион пара алғаны үшін оған 67,5 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды.
https://sputnik.kz/20250523/zhoyyluy-tiis-temekini-satyp-almaq-bolgandarga-ukim-shyqty-53802712.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522814_217:0:1717:1125_1920x0_80_0_0_27426c4454c07e3dc653142131017a93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, пара, қылмыстық іс
ақтөбе облысы, пара, қылмыстық іс
Ақтөбе облысында салық қызметкері кәсіпкерден үш миллион теңге пара сұраған
Сот 3 миллион пара алғаны үшін оған 67,5 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында 3 млн теңге пара сұраған салық қызметкеріне 67 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Диапазон".
2024 жылғы қаңтарда мемлекеттік кірістер комитеті 2021-2023 жылдар аралығында Қазақстанға әкелінген автомобильдерге қатысты электрондық декларацияларға талдау жүргізген. Ақтөбе облысында автокөлік тасымалдаушысының құжаттамасында заң бұзушылықтар анықталып, ол 44 миллион теңге қосымша ақы төлеуге міндеттелді.
Алайда кәсіпкер талапты мойындамай, даулы іс сотта қаралған. Бірінші сот департаменттің пайдасына, екіншісі кәсіпкердің пайдасына шешім шығарған.
Ал өткен жылдың қыркүйегінде мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерді камералдық тексерудің басталғаны туралы хабардар еткен. Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының бас маманы кәсіпкерден камералдық кедендік тексеруді тоқтатқаны үшін және "қолайлы шешім" үшін 3 миллион теңге пара талап еткен.
Бұл іске қатысты сот үкімі шыққан. Кәсіпкер ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне пара туралы шағым түсірген. ҰҚКД қызметкерлері пара алған қызметкерді сол жерде қолға түсірді.
Ол пара алғанын мойындап кешірім сұраған. Сот 3 миллион пара алғаны үшін оған 67,5 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды.