Абай облысындағы түрмеде жанжал болып, сотталушы көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Жазылу
Мекемеде бір камерада отырған екі сотталған арасында жанжал шыққан
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары режимдегі түзеу мекемесінде сотталушы көз жұмды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, мекемеде бір камерада отырған екі сотталушы арасында жанжал шыққан. Төбелес барысында олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.
"Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу және тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты", - делінген ақпаратта.
Тергеу барысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының бақылауында.
Жаңалықтар
0