Қосшыдағы мәдени-спорт кешенінде 10 жасар қыз кенеттен қайтыс болды

© Photo : акимат Акмолинской областиҚосшыдағы мәдени-спорт кешенінде 10 жасар қыз кенеттен қайтыс болды
Қосшыдағы мәдени-спорт кешенінде 10 жасар қыз кенеттен қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Жазылу
Бала сабақ кезінде ауырып қалған
АСТАНА, 30 қаңтар-Sputnik. Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында 10 жасар қыз кенеттен қайтыс болды.
Ол қаладағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде сабақ кезінде қайтыс болды, деп жазды кейбір БАҚ.
Ақмола облысының полиция департаментінде Sputnik Қазақстан тілшісіне баланың қайтыс болғанын растады.
"Кәмелетке толмағанның қайтыс болу фактісі Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ барысында қыздың денсаулығы нашарлаған", - деп хабарлады полиция.
Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, деп атап өтті департаментте.
© Photo : акимат Акмолинской областиҚосшыдағы мәдени-спорт кешенінде 10 жасар қыз кенеттен қайтыс болды
Общественный культурно-спортивный комплекс в Косшы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Қосшыдағы мәдени-спорт кешенінде 10 жасар қыз кенеттен қайтыс болды
Айта кетері, қыз қайтыс болған қауымдастық орталығы 2025 жылдың қыркүйегінде салтанатты түрде ашылды. Содан кейін жергілікті билік балаларға барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.
Орталықта үйірмелер, спорт секциялары, кітапхана қызметі жұмыс істейді.
Семечки - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Петропавлда екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды
Жаңалықтар
0