https://sputnik.kz/20260130/qaytarylgan-zher-telimi-qayta-bolindi-mal-zhayuga-qansha-gektar-berildi-60811982.html
Қайтарылған жер телімі қайта бөлінді: мал жаюға қанша гектар берілді
Қайтарылған жер телімі қайта бөлінді: мал жаюға қанша гектар берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді қайта бөлу жоспарын әзірледі. 30.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-30T17:08+0500
2026-01-30T17:08+0500
2026-01-30T17:08+0500
министрлік
жер телімі
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382153_29:0:1252:688_1920x0_80_0_0_1d16b1affc3a18514f5cc0a389621f09.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді қайта бөлу жоспарын әзірледі.Қайта айналымға енгізілмеген аумақтар экономикалық айналымға жедел түрде тартылады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жерлерді қайта бөлу кезінде жергілікті халықтың жайылымдық қажеттіліктерін ескеру туралы нақты нұсқау берілді.Министрлік мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қайтарылған 8,5 млн гектар жер қайта бөлінді. Оның ішінде, 2,8 млн гектар жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Жерлерді қайтару және халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады, дейді ведомствода.
https://sputnik.kz/20260106/aqmola-oblysynda-quny-300-mln-tengeden-asatyn-zher-memleketke-qaytaryldy-60164170.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382153_182:0:1099:688_1920x0_80_0_0_6ee831677c3a018220e4b623dfdc085d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жер телімі, ауыл шаруашылығы
министрлік, жер телімі, ауыл шаруашылығы
Қайтарылған жер телімі қайта бөлінді: мал жаюға қанша гектар берілді
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді қайта бөлу жоспарын әзірледі.
Қайта айналымға енгізілмеген аумақтар экономикалық айналымға жедел түрде тартылады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жерлерді қайта бөлу кезінде жергілікті халықтың жайылымдық қажеттіліктерін ескеру туралы нақты нұсқау берілді.
Министрлік мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қайтарылған 8,5 млн гектар жер қайта бөлінді. Оның ішінде, 2,8 млн гектар жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді.
"5,7 млн гектар конкурстық негізде ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне табысталды. Бұл ретте 2026 жылдың ортасына дейін қалған 5,1 млн гектар жерді тұрақты айналымға тарту жоспарда бар", - деді жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.
Жерлерді қайтару және халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады, дейді ведомствода.