https://sputnik.kz/20260129/qazaqstanda-400-den-astam-zhana-dari-darmek-ondiriledi-60785736.html
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
Sputnik Қазақстан
Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – 47 млн доллардан 87 млн долларға дейін артқан 29.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-29T20:26+0500
2026-01-29T20:26+0500
2026-01-29T20:26+0500
министрлік
үкімет
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/427/36/4273631_0:167:1920:1247_1920x0_80_0_0_4dac8b71d1e977cf3e780caba979ca98.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Үкімет Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру туралы келісімді мақұлдады.Бүгінде үкімет отырысында жалпы құны 316 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба мақұлданды.Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – 47 млн доллардан 87 млн долларға дейін артқаны айтылды. Жаңа жобалар шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген.Жалпы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде одан әрі жұмыс жүргізіледі. Елімізде фармацевтика саласы үшін мамандар даярлаудың толық жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік қолдау, дуальды білім беруді дамытуға баса назар аударылады, дейді үкіметте.Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерді импорттау және өткізу ҚҚС-тан босатылды. Жалған препараттардың айналымына бақылау мен жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер дайындалды.
https://sputnik.kz/20260127/zhambyl-oblysynda-dari-darmek-eki-ese-qymbat-bagada-satylgan-60714264.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/427/36/4273631_215:0:1910:1271_1920x0_80_0_0_64ab5f0cb557c1561cf829c6811f4c5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, үкімет, дәрі-дәрмек
министрлік, үкімет, дәрі-дәрмек
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – 47 млн доллардан 87 млн долларға дейін артқан
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Үкімет Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру туралы келісімді мақұлдады.
Бүгінде үкімет отырысында жалпы құны 316 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба мақұлданды.
"Бұл, ең алдымен, жалпы Қазақстанның дәрімен қамту ісіндегі дербестігі мәселесі. Алдағы 2-4 жылда елімізде 400-ден астам жаңа дәрілік заттар өндіріледі", — деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – 47 млн доллардан 87 млн долларға дейін артқаны айтылды. Жаңа жобалар шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген.
Жалпы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде одан әрі жұмыс жүргізіледі. Елімізде фармацевтика саласы үшін мамандар даярлаудың толық жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік қолдау, дуальды білім беруді дамытуға баса назар аударылады, дейді үкіметте.
Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерді импорттау және өткізу ҚҚС-тан босатылды. Жалған препараттардың айналымына бақылау мен жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер дайындалды.