Қару иелеріне қатысты талаптар күшейтіледі – заң президентке жіберілді

© Photo : Пресс-служба КНБ КазахстанаҰҚК тәркілеген қарулар
ҰҚК тәркілеген қарулар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
Қаруды бақылау мақсатында оқ ату үшін уақтылы бермегені үшін рұқсат қағазын тоқтатуға шешім қабылдануы мүмкін
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Сенат жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі отырыста қаралған заң жобасында азаматтық және қызметтік қару иелері үшін қосымша міндеттер бекітіледі.
Олар:
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау мақсатында оқ ату үшін беру;
қару мен оның патрондарын қару иесі – заңды тұлғаның қызметі тоқтатыла тұрған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына сақтауға тапсыру.
Ал қаруды бақылау мақсатында оқ ату үшін уақтылы бермегені үшін рұқсат қағазын тоқтатуға шешім қабылдануы мүмкін.
Тапанша - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Павлодарда үйде жанжал шығарған ер адамнан бес қару тәркіленді
Жаңалықтар
0