Ақтөбеде ер адам өгей баласына бірнеше жыл қатыгездік көрсеткен

© Photo : pixabay/geraltАдам көлеңкесі
Адам көлеңкесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
Ұрып-соғып, базарда еріксіз жұмыс жасатып, физикалық күш қолданған
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Ақтөбеде жасөспірім баласына ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткен өгей әкеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соты.
Қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды.
"Ақтөбе қаласының тұрғыны 2012 жылы туған өгей баласына қатысты ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткен. Ұрып-соғып, базарда еріксіз жұмыс жасатып, физикалық күш қолданған. Психикалық зардап шектірген", - дейді сотта.
Алайда өгей әке өзіне тағылған айыпты ішінара ғана мойындаған. Бірақ кінәсі дәлелденген. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
"Сот үкімімен ер адам Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - дейді сотта.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2025
"Қатты өкінемін": Жетісуда қатыгездікпен өлтірілген әйелдің күйеуі сотта жауап берді
Жаңалықтар
0