https://sputnik.kz/20260128/toqaev-mektep-mugalimi-tatyana-belousovany-alemdegi-uzdik-pedagog-atanuymen-quttyqtady-60727844.html
Алматылық химия пәнінің мұғалімі әлемдегі 50 үздік педагогтердің қатарына енді
Алматылық химия пәнінің мұғалімі әлемдегі 50 үздік педагогтердің қатарына енді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Татьяна Белоусованы үздік педагог атануымен құттықтады 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T10:26+0500
2026-01-28T10:26+0500
2026-01-28T12:13+0500
қасым-жомарт тоқаев
мұғалім
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1c/60728210_0:45:479:315_1920x0_80_0_0_fe03e26f1d65d00c2c158354d2bd28b6.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар-Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады.Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енді.2025 жылы байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті. Қорытынды кезеңге білім беру саласына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен 50 педагог іріктелді.Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1–5 ақпан аралығында Дубай қаласында өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20251230/toqaev-bibisara-asaubaevany-alem-chempionatyndagy-zhenisimen-quttyqtady-60057132.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1c/60728210_0:37:479:397_1920x0_80_0_0_34d60d0a6f3c92c23276365d5f58d3a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мұғалім, құттықтау
қасым-жомарт тоқаев, мұғалім, құттықтау
Алматылық химия пәнінің мұғалімі әлемдегі 50 үздік педагогтердің қатарына енді
10:26 28.01.2026 (жаңартылды: 12:13 28.01.2026) Тоқаев Татьяна Белоусованы үздік педагог атануымен құттықтады
АСТАНА, 28 қаңтар-Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады.
Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енді.
"Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2025 жылы байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті. Қорытынды кезеңге білім беру саласына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен 50 педагог іріктелді.
Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.
Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1–5 ақпан аралығында Дубай қаласында өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.