Қару ұстау кезінде жарақат алған: Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды

© Photo : ДВД АлматыҚару ұстау кезінде жарақат алған: Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды
Қару ұстау кезінде жарақат алған: Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу басталды
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

"ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.
Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралмақ.
Өз-өзіне оқ атқан: Өскемен гарнизонында сарбаз қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Өз-өзіне оқ атқан: Өскемен гарнизонында сарбаз қайтыс болды
Жаңалықтар
0