https://sputnik.kz/20260128/inemen-qorqytqan-shymkentte-balabaqsha-qyzmetkerinin-areketi-kameraga-tusip-qaldy-60730724.html
Инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды
Инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
Балабақшаның мектепалды тобының тәрбиешісі балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T20:45+0500
2026-01-28T20:45+0500
2026-01-28T20:45+0500
балабақша
шымкент
тәрбиеші
https://sputnik.kz/img/07e5/08/04/17774577_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_30ddd50e2f141479654aef5b9b7b85eb.jpg
АЛМАТЫ, 27 қаңтар - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран ауданында орналасқан №59 "Айша" мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші баланы ұрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Педагог қызметкердің балаларға қатысты кәсіби әдепке сай емес әрекеттеріне байланысты келеңсіз жағдай тіркелді, дейді қалалық білім басқармасы. Балабақшаның мектепалды тобының тәрбиешісі балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен. Шприцпен қорқытып, қол көтергені анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы құқық қорғау органдары мен білім басқармасы тарапынан жан-жақты әрі объективті түрде зерделеніп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға берілетін болады, дейді басқармада.
https://sputnik.kz/20250618/54808564.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/04/17774577_398:0:2646:1686_1920x0_80_0_0_d00ee8ae46f866456f426824eedad28f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, шымкент, тәрбиеші
балабақша, шымкент, тәрбиеші
Инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды
Балабақшаның мектепалды тобының тәрбиешісі балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен
АЛМАТЫ, 27 қаңтар - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран ауданында орналасқан №59 "Айша" мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші баланы ұрды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Педагог қызметкердің балаларға қатысты кәсіби әдепке сай емес әрекеттеріне байланысты келеңсіз жағдай тіркелді, дейді қалалық білім басқармасы.
Балабақшаның мектепалды тобының тәрбиешісі балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен. Шприцпен қорқытып, қол көтергені анықталды.
"Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша прокуратура, қалалық полиция департаменті, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді", - дейді басқармада.
Оқиғаның барлық мән-жайы құқық қорғау органдары мен білім басқармасы тарапынан жан-жақты әрі объективті түрде зерделеніп жатыр.
Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға берілетін болады, дейді басқармада.