https://sputnik.kz/20260128/biyl-onirlerde-kokonis-alqaby-ulgayady-60699709.html
Биыл өңірлерде көкөніс алқабы ұлғаяды
Биыл өңірлерде көкөніс алқабы ұлғаяды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Биыл өңірлерде әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгерінің егіс алқабы ұлғаяды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T08:00+0500
2026-01-28T08:00+0500
2026-01-28T08:00+0500
егістік
картоп
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51668317_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_54561f2937187912a34164c5b3bc396b.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Биыл өңірлерде әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгерінің егіс алқабы ұлғаяды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл өңірлерде картоп пен сәбіздің егіс алқабын ұлғайту қажет деді. Былтыр картоптың егіс көлемі 12,5 мың гектарға ұлғайған.Сондай-ақ қарақұмық егісін 10 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр."Жүгері егіс алқабын кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін Fufeng Group компаниясының жаңа тік интеграцияланған өнеркәсіптік паркін, сондай-ақ Түркістан облысындағы "Қазкрахмал" ЖШС-нің крахмалды сірне өндіру зауытын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажет", - дейді министрлік.Әр аймақта жүгері егіс алқаптары орта есеппен 15 мың гектарға ұлғаяды.Министрлік жүгері өсіруде Қытай шаруаларымен тәжірибе алмаспақ.Айта кетейік, былтыр 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізген. Оларға 501,5 млрд теңге көлемінде кредит беріліп, 7 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51668317_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5f08a29cfd9010812167047bfcc335d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егістік, картоп, ауыл шаруашылығы министрлігі
егістік, картоп, ауыл шаруашылығы министрлігі
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Биыл өңірлерде әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгерінің егіс алқабы ұлғаяды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл өңірлерде картоп пен сәбіздің егіс алқабын ұлғайту қажет деді. Былтыр картоптың егіс көлемі 12,5 мың гектарға ұлғайған.
"Өнім көлемі нарықтағы баға тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өңірлер түпкілікті егіс құрылымын бекіту кезінде сәбіздің егіс алқабын ұлғайту міндетін ескеруі қажет", — деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ қарақұмық егісін 10 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
"Жүгері егіс алқабын кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін Fufeng Group компаниясының жаңа тік интеграцияланған өнеркәсіптік паркін, сондай-ақ Түркістан облысындағы "Қазкрахмал" ЖШС-нің крахмалды сірне өндіру зауытын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажет", - дейді министрлік.
Әр аймақта жүгері егіс алқаптары орта есеппен 15 мың гектарға ұлғаяды.
Министрлік жүгері өсіруде Қытай шаруаларымен тәжірибе алмаспақ.
Айта кетейік, былтыр 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізген. Оларға 501,5 млрд теңге көлемінде кредит беріліп, 7 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды.