Үш курорттық аймақта әуежай ашылады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Жазылу
Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл үш курорттық аймақта әуежайлардың құрылысы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үш жылдық бағдарлама аясында өңірлік әуежайларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы туристік әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды",-деді Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бірақ жөндеу жұмыстары басталатын нысандар бар. Атап айтқанда, биыл Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту, Ақтау әуежайының перронын жөндеу және Атырау әуежайы терминалын жаңарту басталады.
Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Зайсанда әуежай құрылысы басталды
Жаңалықтар
0