Украинаны НАТО-ға қабылдау қазір күн тәртібінде тұрған жоқ – Рютте

© Sputnik / Алексей Витвицкий
/ Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Еуропарламенттің сыртқы істер комитетінің еуродепутаттарымен өткен пікірталас барысында Украинаны альянсқа қабылдау қазіргі таңда күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді.
"Әрине, олар (Украина басшылығы – ред.) Украинаның НАТО-да болғанын қалайды. Алайда, өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта НАТО-ға мүше кейбір елдер бұл процесті бұғаттап отыр. НАТО-ға апаратын қайтымсыз жол бар және ол сақталады, бірақ қысқа мерзімді перспективада бұл саяси тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да қазір күн тәртібінде тұрған жоқ. Сондықтан Ресейдің қайта шабуыл жасауына жол бермеу үшін қауіпсіздік кепілдіктері бұрынғыдан да маңызды", – деді ол.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүшелігі Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін, дәл осы қауіп қақтығыстың басталу себептерінің бірі болғанын мәлімдеген еді.
