Светлана Жақыпова қызметінен босатылды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастап атқарды.

Светлана Жақыпова туралы не белгілі

Жақыпова 1968 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі
Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты (1991);
Алматы экономика және статистика академиясы (2006).
Еңбек жолы
Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі (1984-1986);
16 орта мектебінде, 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі (1991-1995);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы (1997-1998);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары (1998-2001);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры (2001-2008);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры (2008-2011);
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы (2011-2013);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (19.08.2013-08.2014);
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2017-2019);
Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (12.06.2023 жылдан министр болғанға дейін).
Жаңалықтар
0