"Менің командам жоқ": министр ауыс-түйістің себебін түсіндірді

 Жұлдыз Сүлейменова - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Жазылу
Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академияның президенті өз шешімімен кетті
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова кейбір басшылардың жұмыстан не себепті кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтегі брифингте министр алдымен ұлттық білім академиясына тоқталды.
"Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академияның президенті өз шешімімен кетті. Бұған дейін үш пәнді біріктіруге қатысты реформаны тоқтату туралы ұсыныс болды. Оған академияның президенті көнбеді. Бірақ реформа тоқтатылды. Осыған байланысты өзі сондай шешім қабылдады", - дейді Сүлейменова.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін төрт адам ғана кеткен. Олардың ішінде аппарат жетекшісі, орта білім комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары бар. Барлығы жұмысты ары қарай жалғастырмауға шешім қабылдаған.
"Негізі, менің өз командам жоқ. Мен тек көмекшім және кеңесшімен келдім, небәрі бес адаммен. Мен өзім осы министрліктің ішінде жұмыс жасап жүрген өте білікті, өте кәсіби мамандарды іздеп жатырмын. Оларды көрген бойда көтермелеп, жақсы қызметтерге тағайындауды бастап кеттім", - деді министр.
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Тоқаев жаңа министрді тағайындады
Жаңалықтар
0