https://sputnik.kz/20260127/baga-qymbat-premer-ministr-zhol-boyyndagy-servisti-qatan-synga-aldy-60707874.html
"Баға қымбат": премьер-министр жол бойындағы сервисті қатаң сынға алды
"Баға қымбат": премьер-министр жол бойындағы сервисті қатаң сынға алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жол бойындағы қонақ үйлер мен дәмханалардағы бағаның тым қымбат екенін айтты, деп... 27.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-27T13:10+0500
2026-01-27T13:10+0500
2026-01-27T13:10+0500
жол
автожол
баға
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15846578_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_f77312a967c7695e6bb9e48fd972a504.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жол бойындағы қонақ үйлер мен дәмханалардағы бағаның тым қымбат екенін айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Бектеновтың айтуынша, бүгінде көпшілікке танымал және шалғайда орналасқан туристік дестинацияларға көлікпен жету қиын. Жол бойындағы сервиске қатысты да үлкен сұрақтар бар. Кей жерлерде энергия қуаты жетіспейді. Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық, құқық қорғау мен құтқару қызметтері барлық жерде бірдей ұйымдастырылмайды.Премьер осы мәселелерді шешу үшін жедел үйлестіру кеңесін құру қажеттігін жеткізді. Оны вице-премьер Аида Балаева басқарады. Ал туризм министрлігі үш күннің ішінде үкімет аппаратына тиісті өкім жобасын енгізуге тиіс."Үйлестіру кеңесі бір ай ішінде мемлекет басшысының барлық тапсырмасы мен ескертуін назарға ала отырып, туризмді дамыту тұжырымдамасына арналған іс-қимыл жоспарын жаңартуы қажет", - деп түйіндеді Бектенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15846578_14:0:2263:1687_1920x0_80_0_0_e4c72c7f1b563aee83472538ed70020f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, автожол, баға, олжас бектенов
жол, автожол, баға, олжас бектенов
"Баға қымбат": премьер-министр жол бойындағы сервисті қатаң сынға алды
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жол бойындағы қонақ үйлер мен дәмханалардағы бағаның тым қымбат екенін айтты, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бектеновтың айтуынша, бүгінде көпшілікке танымал және шалғайда орналасқан туристік дестинацияларға көлікпен жету қиын. Жол бойындағы сервиске қатысты да үлкен сұрақтар бар. Кей жерлерде энергия қуаты жетіспейді. Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық, құқық қорғау мен құтқару қызметтері барлық жерде бірдей ұйымдастырылмайды.
"Қонақ үйлерде, туристік нысандарға жақын дәмханалар мен дүкендерде баға сол күйі қымбат. Шашылып жатқан қоқыстарға, демалыс орындарына апаратын жолдар мен көлік тұрақтарының жоқтығына қатысты туристер тарапынан түсіп жатқан шағымдар көп", - дейді Бектенов.
Премьер осы мәселелерді шешу үшін жедел үйлестіру кеңесін құру қажеттігін жеткізді. Оны вице-премьер Аида Балаева басқарады. Ал туризм министрлігі үш күннің ішінде үкімет аппаратына тиісті өкім жобасын енгізуге тиіс.
"Үйлестіру кеңесі бір ай ішінде мемлекет басшысының барлық тапсырмасы мен ескертуін назарға ала отырып, туризмді дамыту тұжырымдамасына арналған іс-қимыл жоспарын жаңартуы қажет", - деп түйіндеді Бектенов.