https://sputnik.kz/20260127/almatyda-zhelatin-men-kollagen-ondiretin-zauyttyn-qurylysy-bastaldy-60680302.html
Алматыда желатин мен коллаген өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Алматыда желатин мен коллаген өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Инвестициялық жоба мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тапшылықты жоюға бағытталған 27.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-27T08:00+0500
2026-01-27T08:00+0500
2026-01-27T08:00+0500
алматы
зауыт
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1a/60680401_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_b2139e7508074bb91d02e781daad2a1a.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Түркиялық инвестициялық-өнеркәсіптік Iskefe Holding тобы тағамдық желатин мен коллаген өндіруге арналған өндірістік кешеннің құрылысын бастады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жоба Алматы қаласында Iskefe Holding құрамына кіретін Halavet KZ еншілес компаниясы арқылы қолға алынып отыр.Жаңа зауытта заманауи технологияларды қолданумен қатар, халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, тағам, фармацевтика және косметика салаларына арналған өнімдер өндіру жолға қойылады.Ол Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге және экспортқа бағытталады.Инвестициялық жоба мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тапшылықты жоюға, ішкі қосылған құнды арттыруға, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған.Жобаның іске асырылуы өнеркәсіп секторын орнықты дамытуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосады деп болжанып отыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1a/60680401_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_18e2dd060e736537ab70f329de9e9555.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, зауыт, ауыл шаруашылығы министрлігі
алматы, зауыт, ауыл шаруашылығы министрлігі
Алматыда желатин мен коллаген өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Инвестициялық жоба мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тапшылықты жоюға бағытталған
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Түркиялық инвестициялық-өнеркәсіптік Iskefe Holding тобы тағамдық желатин мен коллаген өндіруге арналған өндірістік кешеннің құрылысын бастады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жоба Алматы қаласында Iskefe Holding құрамына кіретін Halavet KZ еншілес компаниясы арқылы қолға алынып отыр.
"Инвестицияның жалпы көлемі 60 млн АҚШ долларын құрайды, бұл шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетіне деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа зауытта заманауи технологияларды қолданумен қатар, халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, тағам, фармацевтика және косметика салаларына арналған өнімдер өндіру жолға қойылады.
Ол Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге және экспортқа бағытталады.
Инвестициялық жоба мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тапшылықты жоюға, ішкі қосылған құнды арттыруға, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған.
Жобаның іске асырылуы өнеркәсіп секторын орнықты дамытуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосады деп болжанып отыр.