https://sputnik.kz/20260127/almatyda-avtobus-zhurgizushisi-zhol-ustinde-koz-zhumdy-60700450.html
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды, деп хабарлайды қала әкімдігі. 27.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-27T09:40+0500
2026-01-27T09:40+0500
2026-01-27T09:44+0500
алматы
автобус
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53695324_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_27134d9251956b0410a033803a6b7e06.jpg
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды, деп хабарлайды қала әкімдігі.Оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында 25 қаңтар сағат 14:35-те болған.Жолаушылар жедел медициналық көмек шақырған. Алайда 55 жастағы жүргізуші қайтыс болып кеткен. Алдын ала диагноз — жедел миокард инфарктісі.Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келді. Автобус техникалық зақым алған жоқ, жолаушылар арасында зардап шеккен жоқ. Қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін көлік құралы паркке жеткізілді.Марқұм Александр Степанов "Алматыэлектротранс" ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеді. Жұмысқа орналасу кезінде және жұмыс кезінде диспансерлік есепте тұрмаған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53695324_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_80431ac063d823402bc489e7b53fc0f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус, жол апаты
алматы, автобус, жол апаты
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
09:40 27.01.2026 (жаңартылды: 09:44 27.01.2026) АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында 25 қаңтар сағат 14:35-те болған.
"№92 автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне автобус тоқтаған сәтте аяқ астынан денсаулығы нашарлаған. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып, жол апатының алдын алған", - дейді әкімдік.
Жолаушылар жедел медициналық көмек шақырған. Алайда 55 жастағы жүргізуші қайтыс болып кеткен. Алдын ала диагноз — жедел миокард инфарктісі.
"Жүргізуші 06:10-да міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Автобус та 06:24-те рейс алдындағы техникалық тексеруден өткен. 25 қаңтар 2/2 кестеге сәйкес маршруттағы жүргізушінің алғашқы жұмыс күні болды", - дейді әкімдік.
Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келді. Автобус техникалық зақым алған жоқ, жолаушылар арасында зардап шеккен жоқ. Қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін көлік құралы паркке жеткізілді.
Марқұм Александр Степанов "Алматыэлектротранс" ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеді. Жұмысқа орналасу кезінде және жұмыс кезінде диспансерлік есепте тұрмаған.