Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге дивиденд заңсыз төленгені анықталды

Алматы әуежайы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2026
Жазылу
Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде кемшіліктерді анықтады.
Жүргізілген тексерудің барысында акционер болып саналмайтын заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасына дивидендтердің заңсыз төленгені әшкереленді.
Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті, дейді министрлікте.

"Тексеру нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Аталған ақша Алматы халықаралық әуежайын дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да сервистерді жақсартуға бағытталады.
Самолет авиакомпании Скат в аэропорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Вьетнамнан Ресейге бара жатқан жолаушылар Тараз әуежайында кідіріп қалды
Жаңалықтар
0