Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы құжаттың дайын екенін мәлімдеді

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Вильнюсте Литва президенті Гитанас Науседа және Польша президенті Кароль Навроцкиймен өткен баспасөз конференциясында АҚШ тарапынан Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы құжаттың 100% дайын екенін айтты.
"Қауіпсіздік кепілдігіне келетін болсақ, нақты кепілдік соғыстың аяқталу мерзімін анықтауға мүмкіндік береді... Украина мен АҚШ үшін қауіпсіздік кепілдігі құжаты толық дайын, енді серіктестердің дайын болғанын күтеміз, оны қашан және қай жерде қол қоятынымыз туралы келісу керек. Кейін құжат АҚШ Конгресі мен Украина Жоғарғы Радасында ратификациядан өтеді", – деді Зеленский.
6 қаңтарда Парижде "ниеттестер коалициясының" жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Кездесу барысында Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесі де талқыланды. Оған АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф және АҚШ лидерінің күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша келісілген құжатқа сәйкес, "ниеттестер коалициясы" Украинаны ұзақ мерзімді әскери қолдауын жалғастыруға келісіп, бейбіт келісім жасалған жағдайда әскер орналастыру туралы декларацияға қол қойды.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресей Еуропамен соғыспайтынын, бірақ Еуропа бастаса, Ресей дәл қазір соғысқа дайын екенін мәлімдеген.
Жаңалықтар
0