Теңіз кен орнында мұнай қайта өндіріле бастады

Нефтепровод Тенгиз-Новороссийск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
ТШО мұнай өндіру көлемін кезең-кезеңімен арттыруды жоспарлап отыр
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Теңіз кен орнында жұмыстың қайта басталғаны туралы "Теңізшевройл" компаниясы хабарлады.
18 қаңтарда ГТЭС-4 электр станциясында өрт шыққан болатын. Соның салдарынан Теңіз және Королевское мұнай-газ кен орындарын электрмен жабдықтауда қиындық туындады.
"Теңізшевройл" (ТШО) электр энергиясын тарату жүйесінің қауіпсіз іске қосылғанын және шикі мұнай өндіруді қалпына келтірудің бастапқы кезеңі басталғанын растайды. ТШО жағдай мүмкіндік берген сайын мұнай өндіру көлемін кезең-кезеңімен арттыру бағытында жұмыс жүргізеді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТШО компаниясы өзінің өндірістік қызметіне қатысты нақты деректерге түсініктеме бермейтінін атап өтті.
26 қаңтар күні таңертең Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов апатты жою жұмыстарының ұзаққа созылып кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесуі барысында айтты.
2025 жылы болашақ кеңейту жобасының аяқталуына байланысты Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемі 39 миллион тоннадан асты.
ТОО Тенгизшевройл  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2026
"Теңізшевройл" Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты
Жаңалықтар
0