https://sputnik.kz/20260126/qazaqstanda-eki-qagaz-aqshanyn-aynalymda-zhuru-uaqyty-ayaqtalady-60695030.html
Қазақстанда екі қағаз ақшаның айналымда жүру уақыты аяқталады
Қазақстанда екі қағаз ақшаның айналымда жүру уақыты аяқталады
Sputnik Қазақстан
Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T18:35+0500
2026-01-26T18:35+0500
2026-01-26T18:35+0500
теңге
қазпошта
валюта
https://sputnik.kz/img/434/31/4343113_0:125:2016:1259_1920x0_80_0_0_ec685b84c31865cb01427c9aab4cb1a7.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк биыл екі танымал банкнотаның айналымда жүру уақыты аяқталатынын хабарлады.Бүгінде теңгенің "Сақ стилі" банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығарып жатыр. Ондайда ескі және жаңа купюралар уақытша айналымда қатар жүреді. Мәселен, номиналы 5 000 теңгелік ескі банкноталарды былтыр қыркүйекке дейін жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік болған. Ал 2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:Оған қоса, ескі 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар жүру уақыты бір мезгілде аяқталса, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық түсуі мүмкін. Ал уақытты ұзартудың нәтижесінде халық пен бизнес ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайына қарай ауыстыр алады."Сонымен қатар, айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді", - дейді банк мамандары.Айта кетері, 2026 жылдың соңына қарай "Сақ стилімен" 20 000 теңгенің жаңа купюралары да шығарылады.
https://sputnik.kz/20251201/qarashada-tenge-bagamy-33-ga-nygaydy-59261220.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/434/31/4343113_86:0:1931:1384_1920x0_80_0_0_6779b37110e50adbe30f457e005ea9e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге, қазпошта, валюта
Қазақстанда екі қағаз ақшаның айналымда жүру уақыты аяқталады
Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк биыл екі танымал банкнотаның айналымда жүру уақыты аяқталатынын хабарлады.
Бүгінде теңгенің "Сақ стилі" банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығарып жатыр. Ондайда ескі және жаңа купюралар уақытша айналымда қатар жүреді. Мәселен, номиналы 5 000 теңгелік ескі банкноталарды былтыр қыркүйекке дейін жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік болған. Ал 2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
10 000 теңге – 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
2 000 теңге – 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
"Ұлттық Банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған", - делінген ресми хабарламада.
Оған қоса, ескі 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар жүру уақыты бір мезгілде аяқталса, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық түсуі мүмкін. Ал уақытты ұзартудың нәтижесінде халық пен бизнес ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайына қарай ауыстыр алады.
"Сонымен қатар, айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді", - дейді банк мамандары.
Айта кетері, 2026 жылдың соңына қарай "Сақ стилімен" 20 000 теңгенің жаңа купюралары да шығарылады.