OrdaMed басшылығы қамауға алынды – ҰҚК

© AP Photo / J Pat CarterАрхивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
Заңсыз схеманың салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келген
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed басшылығының ұсталғанын хабарлады.
Комитетке қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "OrdaMed" компаниясының заңсыз әрекетін әшкереледі. Мемлекеттік емдеу мекемелеріне 28 медициналық жабдық жеңілдетілген шарттармен жеткізілген. Соның барлығы "отандық тауар" деп көрсетілген. Сол үшін преференциялар беріліпті. Алайда іс жүзінде медициналық жабдық дайын күйінде шетелден жеткізілген. Осы заңсыз схеманың салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келіп отыр.
"Тінту шаралары барысында "OrdaMed" АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, "Interdentica", "Erkin Brand" және "OrdaMed" компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды", - делінген ресми хабарламада.
Сот санкциясымен "OrdaMed" АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.
Жаңалықтар
0