https://sputnik.kz/20260126/nesieni-esepten-shygaramyn-adamdardy-240-mln-tengege-aldagandar-sottaldy-60694088.html
"Несиені есептен шығарамын": адамдарды 240 млн теңгеге алдағандар сотталды
"Несиені есептен шығарамын": адамдарды 240 млн теңгеге алдағандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T17:27+0500
2026-01-26T17:27+0500
2026-01-26T17:27+0500
бас прокуратура
алаяқтық
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласындағы ауқымды алаяқтық схемасына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлады бас прокуратура.Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "есептен шығару" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260126/poyyzdan-212-mln-tengenin-zhugin-urlagandar-sottaldy-60687083.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, алаяқтық, қылмыстық іс
бас прокуратура, алаяқтық, қылмыстық іс
"Несиені есептен шығарамын": адамдарды 240 млн теңгеге алдағандар сотталды
Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласындағы ауқымды алаяқтық схемасына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлады бас прокуратура.
Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "есептен шығару" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.
"Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар — табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған", - дейді бас прокуратурада.
Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.