https://sputnik.kz/20260126/naryshkin-oreshnikpen-zhasalgan-soqqyga-batystyn-reaktsiyasy-turaly-aytty-60676140.html
Нарышкин "Орешникпен" жасалған соққыға Батыстың реакциясы туралы айтты
Нарышкин "Орешникпен" жасалған соққыға Батыстың реакциясы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Ресей президенті бұл бірегей кешен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін мәлімдеген 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T08:21+0500
2026-01-26T08:21+0500
2026-01-26T08:41+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60262417_0:8:1164:663_1920x0_80_0_0_147ac30b3ab734f12d96932fd34c3e68.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Батыстың әскери-саяси топтары Украинаның батысындағы әскери нысанға ресейлік "Орешник" кешенімен жасалған соққыдан абдырап қалғанын айтты.9 қаңтарда Ресей Қорғаныс министрлігі ел әскері Украинадағы маңызды инфрақұрылым нысандарына жаппай соққы жасау үшін "Орешник" гипердыбысты зымырандарын қолданғанын хабарлады. Бұл соққы Владимир Путиннің резиденциясына жасалған шабуылға жауап ретінде жасалғаны айтылды.2024 жылғы қарашада "Орешник" алғаш рет ядролық емес гипердыбысты жабдықта жауынгерлік жағдайда сынақтан өткен. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, бұл сынақтар НАТО елдерінің Ресейге қатысты агрессивті әрекеттеріне, Украина Қарулы күштерінің америкалық және британиялық алыс қашықтықтағы қаруларды қолдануына жауап ретінде жүргізілген.Сонымен қатар, Нарышкиннің айтуынша, Путиннің ядролық энергетикалық қондырғысы бар "Буревестник" қанатты зымыраны мен "Посейдон" суасты пилотсыз аппаратының сынақтары сәтті аяқталғаны туралы мәлімдемесі де шетелді таңғалдырған.2025 жылдың қазан айының соңында Путин "Буревестник" пен "Посейдонның" сынақтары сәтті аяқталғанын мәлімдеген болатын.
https://sputnik.kz/20240827/finlyandiya-ukraina-qaruly-kushterine-batys-qaruymen-reseyge-soqqy-zhasauga-ruqsat-berdi-46619103.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60262417_108:0:1092:738_1920x0_80_0_0_a961a6e8fc941a6b0073c246e30d8c50.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нарышкин "Орешникпен" жасалған соққыға Батыстың реакциясы туралы айтты
08:21 26.01.2026 (жаңартылды: 08:41 26.01.2026) Бұған дейін Ресей президенті бұл бірегей кешен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін мәлімдеген
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин РИА Новости агенттігіне берген
сұхбатында Батыстың әскери-саяси топтары Украинаның батысындағы әскери нысанға ресейлік "Орешник" кешенімен жасалған соққыдан абдырап қалғанын айтты.
"Украинаның батыс аймағындағы әскери нысандардың біріне бірнеше күн бұрын "Орешник" кешенімен жасалған соққыға келсек, бұл Батыстың әскерилерін де, саяси орталарын да абдыратып тастады", — деді Нарышкин.
9 қаңтарда Ресей Қорғаныс министрлігі ел әскері Украинадағы маңызды инфрақұрылым нысандарына жаппай соққы жасау үшін "Орешник" гипердыбысты зымырандарын қолданғанын хабарлады. Бұл соққы Владимир Путиннің резиденциясына жасалған шабуылға жауап ретінде жасалғаны айтылды.
2024 жылғы қарашада "Орешник" алғаш рет ядролық емес гипердыбысты жабдықта жауынгерлік жағдайда сынақтан өткен. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, бұл сынақтар НАТО елдерінің Ресейге қатысты агрессивті әрекеттеріне, Украина Қарулы күштерінің америкалық және британиялық алыс қашықтықтағы қаруларды қолдануына жауап ретінде жүргізілген.
Сонымен қатар, Нарышкиннің айтуынша, Путиннің ядролық энергетикалық қондырғысы бар "Буревестник" қанатты зымыраны мен "Посейдон" суасты пилотсыз аппаратының сынақтары сәтті аяқталғаны туралы мәлімдемесі де шетелді таңғалдырған.
"Ресей Федерациясы президентінің "Буревестник" және "Посейдон" қару жүйелерінің сынақтары сәтті аяқталғаны туралы мәлімдемесі, әрине, қарсыластарымызға да, серіктестерімізге де айтарлықтай әсер етті. Батыстағы саясаткерлер, әскери мамандар мен сарапшылардың көпшілігі Ресейдің мұндай жетілдірілген қару жүйелерін салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жасап шығара алатынын білмеді", — деді Нарышкин.
2025 жылдың қазан айының соңында Путин "Буревестник" пен "Посейдонның" сынақтары сәтті аяқталғанын мәлімдеген болатын.