https://sputnik.kz/20260126/kukirtsutek-36-ese-artyp-ketken-atyrauda-aua-nege-lastandy-60684161.html
Күкіртсутек 36 есе артып кеткен: Атырауда ауа неге ластанды
Күкіртсутек 36 есе артып кеткен: Атырауда ауа неге ластанды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Атырауда ауа ластанды. Бұл жағдайға қатысты экология департаменті тексеру жүргізді, деп хабарлайды облыстық экология департаменті. 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T12:20+0500
2026-01-26T12:20+0500
2026-01-26T12:20+0500
атырау
экология
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26620929_0:293:1156:943_1920x0_80_0_0_20d13dd1a7d826084313586af36af063.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Атырауда ауа ластанды. Бұл жағдайға қатысты экология департаменті тексеру жүргізді, деп хабарлайды облыстық экология департаменті.25 қаңтарда әлеуметтік желіде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не іргелес орналасқан елді мекен тұрғындарының шағымына қатысты тексеру жүргізді. Тұрғындар ауадағы жағымсыз күкірт иісіне шағымдарынған. Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауаның сапасын өлшеу мақсатында сынама алу жұмыстарын жүргізді.Аталған елді мекендер Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан.Сынама алу кезеңінде желдің бағыты солтүстік-шығыс, ауа температурасы –11 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 93 пайыз.Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының мамандары атмосфералық ауаның сапасын өлшеген.Мониторинг төмендегі аумақтарда жүргізілді:Бұл елді мекендер Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан.Сынама алу кезеңінде желдің бағыты солтүстік, солтүстік-шығыс, ауа температурасы –9 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 81 пайызды құраған.Осыған байланысты, Атырау облысы бойынша экология департаменті Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сақтай отырып, АМӨЗ ЖШС- не қатысты жоспардан тыс бақылау тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26620929_63:123:1159:945_1920x0_80_0_0_6c9aadb58f417206ba0da3354b8bcaf8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, экология, зауыт
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Атырауда ауа ластанды. Бұл жағдайға қатысты экология департаменті тексеру жүргізді, деп хабарлайды облыстық экология департаменті.
25 қаңтарда әлеуметтік желіде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не іргелес орналасқан елді мекен тұрғындарының шағымына қатысты тексеру жүргізді. Тұрғындар ауадағы жағымсыз күкірт иісіне шағымдарынған. Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауаның сапасын өлшеу мақсатында сынама алу жұмыстарын жүргізді.
"Мониторинг нәтижесінде бірқатар аумақта күкіртсутегі және көміртек оксиді рұқсат етілген шектен асқаны анықталды. Мониторинг жұмыстары "Мирный" , "Водник" елді мекендері және Атырау қаласы сол жақ "Тухлая балка" булану алаңдарында жүргізілді", - дейді экологтар.
Аталған елді мекендер Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан.
Сынама алу кезеңінде желдің бағыты солтүстік-шығыс, ауа температурасы –11 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 93 пайыз.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының мамандары атмосфералық ауаның сапасын өлшеген.
"Мониторинг нәтижесінде бірқатар аумақта күкіртсутек концентрациясының шекті рұқсат етілген мөлшерден 36 есе артып кеткені белгілі болды. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында бұл көрсеткіш 17,5 есе, Тасқала ауылына іргелес аумақта 15,0 есе, ал Химпосёлок ауданында 36,3 есе артық тіркелген", - дейді департамент.
Мониторинг төмендегі аумақтарда жүргізілді:
Кенөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылы;
Тасқала ауылына іргелес аумақ;
Бұл елді мекендер Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан.
Сынама алу кезеңінде желдің бағыты солтүстік, солтүстік-шығыс, ауа температурасы –9 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 81 пайызды құраған.
Осыған байланысты, Атырау облысы бойынша экология департаменті Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сақтай отырып, АМӨЗ ЖШС- не қатысты жоспардан тыс бақылау тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.